Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Улы газ датчиктерін тексеру жұмыстары

8-11-2023, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

«Respublica» партиясының Абай облыстық филиалының ұйымдастыруымен Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қолдауымен қаламыздағы жер үйлерінде орнатылған газ датчиктерін тексеру жұмыстары жүргізілді.

«Қала әкімімен өткен отырыста 4000-нан астам әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға 100% улы газ датчиктерін қамтамасыз етуге тапсырма берілді. Бүгінгі күні жылыту маусымы басталғанға дейін тамыз және қазан айларында 2 рет газ датчиктерін тексеру айлықтары өткізілді», - деді Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жарқын Қайратұлы Тлебалдин.

Төтенше жағдайлардың негізгі себептері отпен абайсыз болу, электр жабдықтарын және пештерді пайдалану ережелерін бұзу болып табылады. Сонымен қатар, қаланың кейбір тұрғындары газ бен орталық жылыту жүйесінің жоқтығынан көмірмен жылытады, бұл кейде қайғылы жағдайларға әкеп соғады. 

Датчиктер, қауіпті жану өнімдерінің ауадағы шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткенде, дыбыстық апаттық белгі береді. 

Тексеріс барысында газ датчиктерінің жарамдылық мерзімі, қолданылу барысы түсіндіріліп, тұрғындарға ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив