Жарма ауданында интернетке қолжетімділік артып келеді
Биыл Жарма ауданының Жарық және Қызылағаш ауылында ұялы байланыс және интернет желісінің антеннасы орнатылып жатыр.
Жарық ауылында мердігер «LLC ASIA» ЖШС ұйымы болса, Қызылағаш ауылында жобаны жүзеге асырушы мердігер «Теплоэнергострой» ЖШС ұйымы. Қазіргі таңда байланыс жабдығының негізгі құрылымын көтеру жұмыстары жүзеге асуда.
Ұялы байланыс операторларының міндеттемелеріне сәйкес 2021-2025 жылдар аралығында Жарма ауданының Балықтыкөл, Жайма, Белтерек, Салқынтөбе, Жарық, Қызылағаш, 8 март, Ортабұлақ, Қаражал, Егінбұлақ, Үкілі, Шымылдық және Терістаңбалы ауылдық елді мекені кенжолақты интернет желісімен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.
Қазіргі таңда Қалбатау, Жаңаөзен, Қапай батыр елді мекені, сондай-ақ Әуезов, Жаңғызтөбе кенті «Қазақтелеком» АҚ арқылы, Шар қаласы мен Шуақ, Жарма, Қапанбұлақ, Аршалы, Үшбиік, Шалабай, Суықбұлақ, Балықтыкөл, Салқынтөбе, Шуақ, Бірлік және Қаражал елді мекені «Транстелеком» АҚ арқылы интернет желісімен қамтамасыз етілген.
Анықтама үшін: Жыл басынан бері Жарма ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 13110 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде мемлекеттік орган арқылы 576, мемлекеттік корпорация арқылы 966, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 8601 және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы 947 қызмет. Қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы қызмет алушылармен тікелей байланыссыз және тікелей байланыс жасап, ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу жолымен көрсетілген қызметтер саны 2020.