Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында мүгедектігі бар адамдарға жүріп-тұру құралдары табысталды

13-11-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

«Dos Ortopedia» брендінің мүгедектерді қолдау аясында өткізген қайырымдылық акциясының нәтижесінде Абай облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға 5 арнайы жүріп-тұру құралы табысталды.

Аталған іс-шараға облыстың арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтары, мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қор, жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар жандар қатысты.

Арнайы ұйымдастырылған іс-шаара барысында қазақстандық брендтің басшысы Төремұрат Төлегенов жиналғандарды компанияның негізгі қызметімен таныстырып, өз өнімінің тұсаукесерін жасады. Бренд жетекшісі мүгедектігі бар жандарға әрқайсысының диагноздарын зерделеп, олардың ерекшеліктерін ескере отырып, сол адамға ыңғайлы арбаларды таңдауға көмектерін көрсетінін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив