Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Абай облысында табиғи ресурстарды сақтау қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

13-11-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында 2023-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жоспары әзірленді. Жоспарда атмосфералық ауаны қорғау; су ресурстарын қорғау; өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау; қалдықтарды өңдеу; ғылыми зерттеу, іздестіру және басқа әзірлемелер сынды 5 бағыт бойынша 44 іс-шара қарастырылған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Жоспарды орындау шеңберінде 2023 жылы экологиялық кодекске сәйкес «Семей қаласының ластаушы заттардың шекті жол берілетін шығарындыларының көлемі» әзірленді. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу жоспарланған.

Сонымен қатар, Шүлбі су электр станциясынан Павлодар облысымен шекараға дейінгі Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жоба дайындалып жатыр. Осы шара халықаралық маңызы бар су объектісін сақтауға, сондай-ақ, су объектісінен 500 метр шегінде жер учаскелерін ресімдеу кезінде әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

Абай облысын дамытудың Кешенді жоспары аясында 2023-2025 жылдарды іске асыру мерзімімен бюджет қаражаты есебінен Семей қаласында ҚТҚ үшін жаңа заманауи полигон құрылысы жоспарланған. Бүгінде Семей қаласы әкімдігінің қаулысымен ауданы 100 га жер учаскесі бөлінді, «QAZSAURAN» ЖШС-мен «ҚТҚ полигоны мен қоқыс сұрыптау зауытының құрылысы» ЖСҚ әзірлеуге меморандум жасалды. Жобалық сметалық құжаттаманы 2023 жылғы қараша айында мемлекеттік сараптамаға беру жоспарланған. Биыл ғарыштық мониторинг нәтижесінде Абай облысында 358 заңсыз қалдықтар орны анықталып, олар 100% жойылды.

Биыл облыстың елді мекендерін көгалдандыру мақсатында елді мекендерге 74 950 түп көшет отырғызылды.

Шүлбі су қоймасында 239 мың дана сазанның бір жасар төлі балық шаруашылығы учаскелерін пайдаланушылармен Шүлбі су қоймасын балықтандырды, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 20,5 млн дана ақсаха дернәсілдерін (рипус) балықтандыру жүргізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив