Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.84 579.7 6.39

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толды

15-02-2023, 12:12 Думан Кенжеғазыұлы
Сынаптай сырғып уақыт өтсе де, ерлік ескірмейді. Оларға тағзым етіп, еске алу болашақ ұрпақтың еншісіндегі игілікті іс. Осыған орай, бүгін Семей қаласындағы Ауған соғысы ардагерлерінің монументінде ауған соғысы ардагерлері мен қала тұрғындарының және "Жас Ұлан" лицейінің оқушыларының қатысуымен  «Ерлікке тағзым» шарасы ұйымдастырылды. 
 
Оған Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков және Семей қаласы әкімінің орынбасары Данияр Шәкәрімов қатысты. 
“Сіздердің өшпес ерліктеріңіз әрқашанда бізге өнеге. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, бағасы артуда, мәні мейлінше тереңдеп, даралана түсуде",- деді қала әкімінің орынбасары Д. Шәкәрімов. 

Жиналған қауым алдымен сол соғыста мерт болған жауынгерлердің құрметіне қойылған монументке гүл шоқтарын қойып, марқұмдарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив