Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында құрылыс жұмысы қызу жүріп жатыр

23-11-2023, 12:31 Думан Кенжеғазыұлы

Облыста оқушы орын тапшылығын азайту үшін «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 5700 орындық 11 мектеп салынады. Жобаны 2023 жылы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.

Қазіргі таңда Семей қаласының әртүрлі ауданында: Қарағайлы шағын ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық, Ақсуат ауылында 300 орындық 5 мектепті, Бесқарағай ауылында 300 орындық, ал Аягөз қаласының «Ет комбинаты» шағын ауданында 600 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 2025 жылға дейін Білім беру инфрақұрылымын қолдау Қорының қаражаты есебінен 6 шағын мектеп, және жұмыс істеп тұрған мектептерге 6 қосымша құрылыс салынатын болады.

Балаларды қосымша біліммен жан-жақты қамту мақсатында көпбейінді Оқушылар сарайын салуды жоспарланған. Бүгінде құрылыс жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 11,4 млрд теңге.

Президент тапсырмасына сәйкес Шәкәрім университетінде «Shakarim High School» және Ә.Бөкейхан университетінде «Abay IT-School» мектептері ашылып, облыс жоғары оқу орындарына қосымша 500 арнаулы білім гранты бөлінді.

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай Абай облысында 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанын салу жоспарланған. Нысандар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында жүзеге асады.

Өңірді дамытудың кешенді жоспарына Семей қаласындағы құны 100,4 млрд теңге болатын бес медициналық мекеме енгізілген. Оның ішінде: 400 орындық көпсалалы аурухана, 300 орындық көпсалалы балалар ауруханасы, облыстық қан орталығы, Семей қаласының оң  және сол жағалауындағы емханалар.

Айта кетсек, 2023 жылы Абай облысында 235 шақырым жергілікті маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 9,9 млрд теңге бөлінген. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 77 шақырымды құрайтын ауылішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін жолдардың 90% стандартты жағдайға жетіп, 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 97% жеткізу жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив