157 мың гектар жер қайтарылды – Абай облысының әкімі
Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарында 102 іс-шара қарастырылған, инвестиция көлемі – 1,9 трлн теңге. Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаевтың мәліметінше, биыл 89,2 млрд теңгеге 45 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Тиісті жұмыстар басталды.
«Бес жылға арналған инвестициялық жобалар пулы жасақталды. Оған 8 мың жұмыс орнын қамтитын, 1,4 трлн теңгенің 44 жобасы енді. Биыл 600 жаңа жұмыс орны бар 3 жоба іске қосылды. Құны – 19,1 млрд теңге. Агроөнеркәсіптік кешенде 5,3 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асты. Агроөнеркәсіптік кешен және өңдеу өнеркәсібі саласында жыл соңына дейін 11,9 млрд теңгеге 150-ге жуық жұмыс орны бар, 4 жоба іске қосылады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланбаған жерлерді қайтару жұмысы жалғасуда. Жалпы ауданы 387,9 мың гектар жер учаскесі анықталды. Оның 157 мың гектары қазіргі таңда қайтарылды. Қалған 97 мың гектар жыл аяғына дейін алынып, жылдық жоспар толық орындалады.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚазақстанда 2028 жылға қарай ЖІӨ-нің 6%-ға өсуі болжанып отырНегізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,6%-ды құрады — Ұлттық экономика министрлігі2023 жылғы жалпы егіс алқаптарының көлемі 23,4 млн гектарды құрайдыҚазақстандық ЖЭО-лардың қоймаларында 4 млн тонна көмір және 85 мың тонна мазут жиналған