Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Облыста мемлекеттік сатып алуға арналған конкурстың жаңа жүйесі жұмыс істейді

27-11-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың 10 айында Абай облысының тапсырыс берушілері рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурстардың жеңімпаздарымен жалпы сомасы 43,1 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы 313 шарт жасасты.

2022 жылдың қаңтарынан бастап конкурстың рейтингтік-балдық жүйе және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын екі жаңа кіші түрі, сондай-ақ электрондық дүкен арқылы сатып алу қолданысқа енгізілді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 31-2 бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 849 бұйрығына сәйкес рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүргізіледі.

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссия құрылмайды. Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал автоматты түрде мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қалыптастырады және орналастырады.

Жеңімпаз келесі критерийлер бойынша анықталады:

 1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстар нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) төленген салықтар көрсеткіші;

3) конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде есептелетін қаржылық орнықтылық көрсеткіші;

4) әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспаса қолданылады);

5) теріс мәндер (әлеуетті өнім берушінің орындауында ағымдағы қаржы жылында жасалған шарт болса, әрбір осындай шарт үшін

веб-портал шартты жеңілдіктің жалпы сомасының нөл бүтін оннан бір пайызын (0,1%) автоматты түрде алып тастайды).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив