Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.63 547.69 6.36

Аягөз ауданында 17 отбасыға баспана кілті табыс етілді

28-11-2023, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорында әлеуметтік жағынан осал топ ретінде кезекте тұрған тұрған 17 отбасыға көпқабатты тұрғын үйдің кілті табыс етілді.

«Халықты, әсіресе әлеуметтік осал топ өкілдерін баспанамен қамту мәселесі мемлекет үшін қашан да басым бағыттың бірі. Осы орайда ауданда жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады», - деді аудан әкімі Қанат Әділбай.

Жалпы, Аягөз ауданында 1517 азамат баспана кезегінде тұр. 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Аягөз қаласындағы Қабанбай батыр көшесінде салынып жатқан бес қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив