Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

СПИД – ғасыр дерті

1-12-2023, 14:08 018.kz

Жыл сайын 1 желтоқсан Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні ретінде аталып өтіледі.

Бұл күн – осы бір үрейлі, жантүршігерлік дертпен күресуде жер бетін мекендейтін барлық адамдардың күш-жігерін біріктіруге үндейді.

Бұл күні ғаламшардың миллиондаған адамдары қайғы-қасірет пен түсіністіктің нышаны ретінде  киімдеріне қызыл лента түйреп, ЖИТС-тан зардап шекендерді еске алып, бұл ауруды сөзсіз жеңуге болатындығын түсіндіріп, ең бастысы адамдарды төзімділікке, үміт үзбеуге шақырады.

Осы орайда ОКЖ-нің кітапхана-бөлімшелерінде ақпараттық сабақтар, «СПИД – ғасыр дерті» атты тақырыптық диалог және «Жастар ЖҚТБ-ға қарсы» атты маманмен кездесу ұйымдастырылды, оның мақсаты өскелең ұрпақтың бойында АИТВ/ЖИТС-тің мәселелерінің маңыздылығын түсінуді қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері бұл күн індеттің жаһандық таралуын тоқтату қажеттілігін еске салатынын атап өтіп, «Ғасыр дертін» болдырмау үшін  әрқашан қырағы, ұқыпты болып, өз денсаулығымызға баса назар аудару бәріміздің басты парызымыз болып табылатынын, денсаулық адамның еңбекке деген қабілеттілігін анықтайтын және тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін ең  маңызды қажеттілік екенін түсіндірді.

Іс-шараға ЖИТС орталығының психолог маманы Айгерім Бектуровна Жакупова мен №7 емхана қызметкері Бақытнұр Садыбекқызы Жумаханова қатысып, өз сөздерінде бұл дерт дүниежүзілік мәселе екенін, ең алдымен оның нашақорлықпен және қылмыспен тығыз байланыста болғандықтан қауіпті екенін атап өтті.

Қатысушылар шара жалғасында АИТВ және ЖИТС-тің қауіптілік дәрежесі туралы бейнефильм көріп, республикамыздағы және қаламыздағы АИТВ жұқтырған және ЖИТС-ке шалдыққан науқастардың статистикасымен танысып, бейнефильмнен бұл дерттің қаншалықты қауіпті екенін түсінді.

Қалалық орталық кітапхана

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив