Автожолдарды қыста күтіп-ұстау жұмыстары пысықталды
Бүгінде Көкпекті ауданында аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығының 81 шақырымы жақсы жағдайда, ал 153,3 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда.
Республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» автожолының 906-1321 (Боғас – Байбура-Қалбатау) шақырымында қыс мезгілінде күтіп-ұстау жұмыстарымен «SinSin» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда инертті материал қажетті мөлшерде жеткізілді. Байбура учаскесінде 13 бірлік техника, ал 995-1045 шақырым учаскесінде 7 бірлік техника, оның ішінде жол техникасы, автогрейдер, бульдозер және жүк тиегіш жұмылдырылған.
Ауылдарға кіреберіс жолдарды қардан тазарту үшін 14 мемлекеттік байқау өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Аудан және ауылішілік жолды тазалаумен қазіргі таңда барлығы 2 мекеме айналысады.
Анықтама үшін: Көкпекті ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 500,6 шақырым, оның ішінде «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автожолының ұзындығы 161 шақырым, облыстық маңызы бар автожол ұзындығы 45 км, жергілікті маңызы бар автожолының ұзындығы 294,6 шақырым.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі