Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сарбазға домбыра сыйлады

6-12-2023, 13:10 018.kz

«Шығыс»  өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде бір жыл ішінде Отан алдындағы борыштарын атқарған сарбаздарды құрметпен шығарып салу  рәсімі өтті. Мерейлі кеште жауынгерлік қызметте жоғары нәтижеге ие болғандар марапатталды. Әскери бөлім тарапынан алғысқа бөленген сарбаздың бірі украиндық Никита Дяченко. Әскер қатарына Алматы облысынан шақыртылған жауынгерсіз  әскери бөлімнің мәдени өмірін елестету қиын. Домбыраның құлағында ойнайтын өзге ұлт өкілі кез келген іс-шараның ажарын ашып, көркін кіргізетін.  Бала кезінен музыкалық мектептен сусындаған күйші жігітке әскери бөлім басшылығы  домбыра мен тақия тарту етті.  


- Никитаның Отанынына, туған еліне деген ыстық ықыласы «Адай», «Ерке сылқым», «Көңіл толқыны» сияқты күйлерді орындағанда айқын  байқалатын.  Оның құйқылжыта домбыра шертісіне тебіренбейтін жан жоқ, сәрі.  Сондай-ақ, Никита  мемлекеттік тілді меңгеруді өзіне мақсат етті  және бұл бағытынан бір қадам шалт кетпеді.  Өнерлі жауынгердің алдағы өміріне сәт-сапар тілейміз, - дейді 5518 әскери бөлім командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев.

Отан алдындағы борышын атқарған әскери бөлімнен мұндай тосын-сыйды күтпеген жауынгер алғашында абдырап қалды. Алайда, жиналған жұрттың қолқа салуымен, су жаңа аспаптан күй орындап, жайдары қалыпқа енді. Шара соңында қатардағы жауынгер естелікке мұндай  сыйлық ұсынған әскери бөлімге ризашылығын білдірді.


- Мен бұл домбыраны үйге барысымен, төріме іліп қоямын.  Мен жұртқа белгілі  туындыларды орындаудан бөлек, өзім де күй шығарғым келеді. Сондықтан ертеңгі тырнақалды шығармаларыма әскери бөлім сыйлаған домбыра арқау болмақ. Домбыраны қолға алған сайын әскери бөлім жайында жарық естеліктер есіме түседі деген ойдамын, – дейді қатардағы жауынгер Никита Дяченко.

«Шығыс» өңірілік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив