Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы бойынша 2023 жылғы қарашада тұтыну бағасының индексі

13-12-2023, 14:59 018.kz

Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2023 жылғы қарашаға  өткен айға қатысты алғанда 101,0 %- ды, 2022 жылғы желтоқсанына – 108,4% құрады.

2023 жылғы қарашаға облыс бойынша тұтыну бағасының индексі

пайызбен

 

2023 жылғы қарашада

2023 жылғы қаңтар- қарашада

2022 жылдың қаңтар-қарашасына

2023 жылдың

қазанына

 

2022 жылдың

қарашасына

 

Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер

101,0

109,7

114,5

Азық-түлік тауарлары

100,8

109,6

116,2

Азық-түлік емес тауарлар

100,6

109,8

115,2

Ақылы қызметтер

101,7

109,6

111,1

 

Азық-түлік тауарларының арасында 2023 жылғы қарашада қазанмен салыстырғанда жұмыртқа – 5,4%, күріш– 2%, нан өнімдері және жармалар – 1,6%( жоғары сұрыпты бидай ұны– 7,6%, бірінші сұрыпты бидай ұнынан нан - 2,6%,  қара бидай-бидай наны –0,8%), макарон өнімдері– 0,9%, сүт өнімдері – 0,7%( пастерленген сүт – 2,8%, қатты ірімшік – 2,2%, қаймақ – 1%, айран (2,5%), майлылығы 5-9% сүзбе –0,4%), балық және теңіз өнімдері – 0,4%, темекі өнімдері – 0,3%, жармалар– 0,2%(арпа жармасы–1%, сөк–0,3%, қарақұмық–0,2%, ұнтақ – 0,1%), ет (ет өнімдерін қоса) – 0,1%(шұжықтар– 0,7%, құс – 0,5%), кондитерлік өнімдері– 0,1% бағаларының қымбаттағаны тіркелді.

Ақ қауанды қырыққабат– 5,6%, сәбіз - 5,4%, қызылша,– 4,3%, қант – 3,8%, картоп –3,7%, пияз – 2,8%, шай – 0,4%, май және тоңмай (күнбағыс майы– 0,6%, сары май– 0,1%),алма – 0,2%, сұлы жармасы – 0,1% арзандай түсті.

Азық-түлік емес тауарлардан қатты отын – 2,4%, киім және аяқ киім – 0,7%,  жеке бас гигиенасы тауарлары, фармацевтикалық өнімдері – 0,4% қымбаттады.

Жуғыш және тазалағыш заттар – 0,3% арзандады.

Ақылы қызмет бойынша  ыстық сут –  30,9%,орталықтан жылыту–  27,9%, амбулаториялық қызмет –  1%, жолаушылар көлік қызметі – 0,4%,қоғамдық тамақтандыру қызметтері–  0,3%, білім беру қызметі –  0,1% өсті.

 
 

____________________________________________________________________________________________________________________________

Әдіснамалық түсініктемелер

Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар – 30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы

Орындаушы:

Ж. И. Корпешова

Тел. +7 7222  36-27-25

Баға статистикасы бөлім басшысы:

 Г.Т. Шакшанова

Тел. +7 7222 36-27-25

Баспасөз қызметі:

Г.А. Данабаева

Тел. +7 7222 362549

 

Адрес:

071400, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының
Абай облысы бойынша департаменті

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив