Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Семейде мың адам жаттығуға арналған «Alem» спорт кешені ашылды

14-12-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Аталған спорт кешенін қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің төрт дүркін чемпионы, «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің үш дүркін чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің екі дүркін чемпионы, «Amanat» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, Абай облысы мәслихатының депутаты, Семей қаласы Көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаров өңірде бұқаралық спортты дамыту мақсатында ашып отыр.

«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын?! Барлығы өздеріңіздің қолдауларыңызбен, ағайын! Спортты аяқтағаннан соң біраз уақыттан бері мақсат етіп жүрген «Alem» спорт кешенінің ашылу сәтінің куәгері болдыңыздар. Бұл менің спорттағы жеткен жетістіктерімнің үлкен бір нәтижесі болмақ. Мен әр жас жеткіншектің спортпен айналысып, еліміздің көк Туын биік ұстайтын, дені сау, Қажымұқан атамыздай мықты азамат болғанын қалаймын. Ер азамат ретінде ұлттың болашағының болғаны мен үшін маңызды. Осы уақытқа дейін менің жетістіктеріме қуанып, шашбауымды көтеріп келген халқыма, ел ағаларына, ата-анама, отбасыма, туған-туыс пен достарыма зор алғысымды білдіремін. Абай облысынан әлі де көптеген мықты спортшылардың болатынына үлкен сенім білдіре отырып, алдағы уақытта спорт кешенінің жұмысын креативті бағытта жандандыру мақсатым бар», - дейді Айбек Нұғымаров.

Айта кетейік, спорт кешенінде күрес, дзюдо, каратэ, бірнеше жаттығу залы орналасқан. Барлығы заманауи құрал-жабдық, материалдармен жабдықталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив