Абай облысы жоғары әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін көрсетті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған отырысында Абай облысында барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар екені баса айтылды.
Өңірдегі жалпы өнеркәсіп өнімі 1418,3 млрд теңгеге жетіп, 133,5% өсті. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 105,9% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 497,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 122,9%-ға өсім көрсетілді. Бұл салада өнеркәсіп өндірісінің индексі 114,1% құрады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 118,3% өсіп, 485,8 миллиард теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,9% құрады.
Абай облысында 474,7 млрд теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 140,8%. Құрылыс жұмыстарының көлемі 175,2 млрд теңгеге артып, өсу қарқыны 139,4%, нақты көлем индексі 139,0% болды. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 53,9 мың бірлікке дейін, 2022 жылмен салыстырғанда 110,8%-ға өсті.
Ішкі сауданың нақты көлем индексі 102,0% құрады. Бөлшек тауар айналымы 446,8 миллиард теңгеге, көтерме сауда айналымы 308,5 миллиард теңгеге жетті.
Жыл басынан бері 285,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни 112,5%, бұл өте жоғары көрсеткіш.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі