Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Үржар ауданында 40 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды

15-12-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Үржар ауданы, Ақжар ауылында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасыға жаңа пәтер кілті табыс етілді.

Айта кетсек, ауданда соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтарды үймен қамтамасыз ету мақсатында ауданда 2020-2022 жыл аралығында 136 пәтер салынып, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңына сәйкес кезекте тұрған азаматтарға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылы 30 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй, 2022 жылы 60 пәтерлі тұрғын үй салынды.

Биыл Мақаншы ауылында 6 үй (12 пәтер), Науалы ауылында екі пәтерлі 2 үй (4 пәтер) және бүгін Тәуелсіздік күніне орай Ақжар ауылында екі пәтерлі 20 (40 пәтер) тұрғын үй пайдалануға берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив