Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай музейінде «Менің қалам» атты суретшілер көрме вернисажының марапаттау рәсімі өтті

8-12-2023, 17:31 Думан Кенжеғазыұлы

Шараға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласы мәслихатының төрағасы Данияр Шәкәрімов қатысты.

Биылғы жылы қалада алғаш рет Семей қаласы суретшілерінің «Менің қалам» қалалық вернисаж-конкурсы өткізілді.

«Бүгін қала тұрғындары мен қонақтары бейнелеу өнер туындылары арқылы қаланың тарихы мен өмірін бейнелеген көркем шығармаларды көруге мүмкіндік алды. Көрме-байқаудың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Қазақстан Республикасы суретшілер одағының 90 жылдығына орайластырылып өткізіліп отырғаны көңіл қуантады. Бүгінгі шараға қатысып отырған қылқалам шеберлерін және жалпы суретшілер қауымын атаулы күнмен және алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!» - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

«Менің қалам» вернисаж байқауы -  бұл ең алдымен суретшілерге өз туындыларын көпшілікке көрсету, көрерменнің реакциясын білу, дамуға серпін алу, өзін-өзі жүзеге асыру, қаржылық және материалдық қолдау алу мүмкіндігі.

Қылқалам шеберлеріне шығармашылық үшін орын және жұмыс материалдары берілді. Суретшілер бір апта бойы шығармашылығының объективі арқылы қаланың тарихы мен өмірін түсіндіретін көркем шығармаларды бейнеледі.

Көрмеде  байқауға қатысқан 16 жергілікті суретшінің бейнелеу өнер туындылары орналастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Шара барысында көрмеге қатысқан қылқалам шеберлері марапатталды. 

Байқауға ұсынылған үздік туындылары үшін жүлделі І орынды - Талгат Татиев, ІІ орынды - Михаил Пауцкий, ІІІ орынды - Фарид Хасенов иеленді. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив