Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Ақсуат ауданында жастар форумы өтті

22-12-2023, 12:17 018.kz

Ақсуат ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа белестегі жастар» атты жастар форумы өтті.

Жыл көлемінде әр салада табысты еңбек атқарған үздіктерге, түрлі аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға, байқауларға қатысушыларға марапаттар табысталды.

Жастар арасында жылдың үздіктері анықталып, 7 түрлі номинация тапсырылды. Атап айтқанда, «Жылдың үздік жас отбасы» Абусағиевтар отбасы, «Жылдың үздік жас спортшысы» Бауыржан Елубаев, «Жылдың үздік жас ұстазы» Ақерке Шөберенова, «Жылдың жас кәсіпкері» Айсұлу Жұматаева, «Жылдың жас өнер иесі» Аяулым Баяхметова, «Жылдың жас волонтері»Мерей Қабықбаев, «Жылдың үздік жас дәрігері» Әйгерім Сағиева марапатталды. Жеңімпаздарға аудан әкімінің арнайы дипломдары, статуэтка, естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, ауданның дамуына қосқан үлестері үшін белсенділерге алғыс хаттар табысталды.

Жиналғандар үшін жас кондитерлердің бұйымдары, тәттілер көрмесі ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив