Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жастарға мемлекеттік қолдау

22-12-2023, 12:31 018.kz

Бүгінгі таңда Президенттің барлық деңгейлерде білім беру саласын нығайту жөніндегі маңызды бастамаларын іске асыру жүргізілуде. Бұл ретте Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің барлық жоғары оқу орындары үшін барынша қолайлы жағдайлар жасап отырғандығы белгілі.

«1 қыркүйектен бастап студенттерге стипендия 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға – 15%-ға өсті, тиісінше стипендия мөлшері айтарлықтай өскендігі қуантарлық көрсеткіш. Сондай-ақ жатақханалардың да құрылысы қайта жанданғаны белгілі, биылдың өзінде 5,9 мың орындық 25 студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 19 жатақхана ашу жоспарлануда. Бұл еліміздегі жастардың сапалы білім алып, бәскеге қабілетті болына зор мүмкіндік береді»,-дейді экономика ғылымдарының PhD докторы, қауымдастырылған профессор Арайлым Оразғалиева.

Белгілі ғалым, Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің сарапшысының  айтуынша Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің базасында Быдгощ қаласындағы (Польша) экономика университетінің филиалы ашылды.

Сонымен қатар, жас ғалымдарға да үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Ағымдағы жылдың қазан айында 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобаларын 9 млрд теңгеге гранттық қаржыландыруға, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс жарияланып, Шәкәрім шаңырағының да ғалымдары биыл ерекше белсенділік танытып отыр.

Бұл отандық ғылымды дамытуға арналған жан-жақты жұмыстардың бір бағыты болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив