Абай облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып Мақсұт Өмірханов тағайындалды
1974 жылы 19 мамырда қазіргі Абай облысы, Бесқарағай ауданында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Нархоз) күндізгі бөлімде «Қаржы және несие» мамандығы , кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Құрылыс мамандығынан инженерия және технология магистрі дәрежесі бар. Сондай-ақ 2001 жылы Ұлыбританияның «ASPECT» тіл мектебінде оқыды.
Еңбек жолын «КСРО 50 жыл» колхозында маусымдық жұмыстардан бастады. Мақсұт Өмірханов тоқсаныншы жылдары Алматыда қор биржасында, сақтандыру және банк жүйесінде жұмыс істеген. «Менау Әже қоры» қоғамдық қорын басқарды (айтысты жүргізуші).
2003-2019 жылдары ҚР СжИМ ТРжМК «Ұлттық аккредитациялау орталығы» БАҚ біліктілікті арттыру институтының директоры, Алматы қаласындағы «Ұлттық аккредитациялау орталығы» БАҚ өкілеттілігінің басшысы қызметін атқарған.
2021 жылы Мәскеу қаласы «Рубеж» аймақтық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары болған.
2022 жылға дейін «Халал индустриясының аккредиттелген субьектілер одағы» (UAHIB) төрағасы қызметін атқарған.
Тағайындалғанға дейін ол Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары болған. Астана қаласындағы «№1 автобус паркі» АҚ директорлар кеңесінің, Астана қаласындағы «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі болған.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған.