Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қатысуымен жұмыс кездесуі өтті

27-12-2023, 11:43 018.kz

2023 жылы 26 желтоқсанда Абай облысы әкімдігінің ғимаратында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Анар Аманжолқызы Жақыпованың төрағалығымен облыстық басқармалардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қызметкерлерінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің өкілі, аға прокурор Ербол Қазбекұлы  Ахметжановтың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Күн тәртібінде ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу талаптарын сақтау мәселелері қаралды, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді тіркеу мәселелері талқыланды, өтініштерді орындаушыға уақтылы жіберу және құзыреті бойынша қайта бағыттау мерзімін сақтау туралы, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының талаптарына сәйкес шағымдарды қарау, өтініш берушімен тыңдау рәсімін өткізбеу сияқты лауазымды адамдар тарапынан бұзушылықтар туралы айтылды.

Тыңдау рәсімі нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеуге ықпал етеді және шешім қабылданатын азаматқа немесе ұйымға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.

Семинар барысында аға прокурор Ербол Қазбекұлы Ахметжанов пен өтініштерду қарауды бақылау бөлімінің басшысы Думанғазы Семейғазыұлы Арғынғазинның 2023 жылғы өтініштермен жұмыс жағдайы туралы баяндамалары тыңдалды.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылғы 19 сәуірдегі елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте «Абай облысының азаматтарды қабылдау орталығы» жобасын құру және масштабтау туралы түсініктемелер берілді.

Бұл семинар мемлекеттік органдар қызметкерлерінің практикалық дағдыларын арттыруға ықпал етеді және қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу шарасы болып табылады.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив