«Шәкәрім керуені» Аягөз, Үржар аудандарында
Шәкәрім университеті «Шәкәрім керуені» жобасын жүзеге асыруда. Жоба шеңберінде университет делегациясы Аягөз, Үржар аудандарына екі күндік сапармен барып қайтты.
Басты мақсат – «Мектеп - ЖОО» кластері аясында Абай облысы аудандарының мектептерімен бірлескен жобаларды жүзеге асырып, оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру.
Жиын барысында «Мамандықтар жәрмеңкесі» өткізіліп, 1000-ға жуық жас түлектерге арналған «Білім апгрейді», «Мамандықты дұрыс таңдайық» тақырыптарында тренинг-кеңестер, бейіндік пәндер бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылды.
200-ден астам мектеп мұғалімдері өз біліктіліктерін арттырды.
Мектептердегі кәсіптік бағдар беруші мамандар мен ұстаздарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, мектептегі кәсіптік бағдар беруді ұйымдастырудың әдіснамасы тақырыптарында тәжірибелік семинарлар жүргізілді.
Барлық мектеп директорларына көшбасшылық, білім сапасын жоғарлатудың алғышарттары мәселелері турасында workshop өткізілді.
ЖОО мен түлектердің өзара байланысын жандандыру мақсатында Аягөз, Үржар аудандарының дамуына үлес қосқан Шәкәрім түлектеріне, озат шәкәрімдік студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасын қолдау мақсатында аудан мектептерінің кітапхана қорына Шәкәрім университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы Б.Ердембековтың «Абайтану» кітабы сыйға тартылды.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жастарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және толық емес отбасынан шыққан түлектерге, түрлі байқаулардың жеңімпаздарына «Шәкәрім гранты» табыс етілді.
Тағыда оқыңыз
Шәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Бесқарағай аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?NIS Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялаудаАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІҚазақстанда отандық ғылыми жобаларды экономикада қолдану кеңейтіледі