Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семей қаласындағы 3-ЖЭО құрылысының барысы талқыланды

10-01-2024, 14:59 018.kz

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен бірге 3-ЖЭО құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселесіне қатысты кеңес өтті. Кездесу барысында жобаны жүзеге асырудың орны мен кезеңі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасына сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ 3-ЖЭО құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу рәсімін бастады. Байқау қорытындысы нәтижесінде жобалаушы ретінде «СТРОЙИНДУСТРИЯ» ЖШС таңдалды.

Бүгінгі таңда Абай облысы әкімдігінің мүдделі басқармасы, ұйымдар, «Самұрық-Энерго» АҚ және Жобалаушыдан жедел жұмыс тобы құрылып, жоспарланған ЖЭО құрылысының учаскесі туралы шешім қабылданды (сол жағалау, Степной ауданы).

Сондай-ақ облыс әкімдігі техникалық параметрлер негізінде ұсыныс енгізді, оған сәйкес жаңа ЖЭО-ның электр және жылу қуаты 360 МВт және 1200 Гкал/сағ болуы тиіс.

Сонымен қатар, Семей қаласының Бас жоспарын әзірлеу барысында қаланың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін анықтау жоспарлануда.

Қазіргі таңда «Семей қаласындағы 3-ЖЭО құрылысы» жобасы техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу сатысында. Сонымен қатар, 2023 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасында Семей қаласында ЖЭО салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Интер РАО-Экспорт» арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив