Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Бесқарағай ауданы Қоянбай ауылында жаңа мәдениет ошағы ашылды

13-01-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Қоянбай ауылы Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан шалғай ауылдардың бірі. Қазіргі таңда тұрғындардың саны 409 адамды құрайды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыңдарлы саясатын жүзеге асыру мақсатында ашылған мәдениет ошағының жалпы сыйымдылығы 100 адамға арналған. 

Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары ақ бата беріп, ақжаулықты әжелер шашу шашты.  Ашылған мәдениет ошағында алғашқылардың бірі болып аудандық Мәдениет үйінің әртістері өнер көрсетті.

Сонымен қатар, ауылдық клубқа менің атымнан музыкалық аппаратура сыйға тартылды.

Естеріңізде болса, 2023 жылы Қоянбай ауылында «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында  жаңа тұрғын үй салынып, кезекте тұрған ауыл тұрғындарына берілген болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив