Абай облысында жеке қабылдау кестеге сәйкес жүргізіледі
Абай облысында мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы өзара іс-қимылды арттыруға бағытталған Азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді.
Белгіленген кестеге сәйкес Абай облысы әкімдігінің, қала-аудан, басқармалардың, департамент және бөлімдердің басшылары мен олардың орынбасарлары, азаматтарды жеке қабылдайды.
Ертең, 16 қаңтарда сағат 15:00-ден 16:30-ға дейін қабылдауды Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев өткізеді. Ал, сағат 10.00-ден 11.30-ға дейін Семей қаласының әкімінің орынбасары, 11:30-13:00 аралығында Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Жұмаділов және Абай облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Асхат Сағидолдин азаматтарды қабылдайды.
17 қаңтар күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, 18 қаңтарда облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков пен Білім бөлімі басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев, 19 қаңтарда облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау жоспарланған.
Өткізілетін орны: Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, Абай көшесі, 86.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі