Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде «Крещение» діни мерекесін атап өтуге арналған брифинг өтті

17-01-2024, 09:45 Сабина Әлібек

18-19 қаңтар күндері барлық православие шіркеулері «Крещение Господне» рәсімін атап өтеді. Соған сәйкес Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасы БАҚ-өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Онда басқарма басшылығы суға шомылу кезінде қолға алынатын қауіпсіздік шараларына тоқталып, биыл шомылу рәсімінің өтетін орны өзгергенін мәлімдеді. Жыл сайын бұл рәсім Затон ауданында өтті. Ал, биыл ауа-райының өзгеруіне байланысты Затон ауданында шомылуға тиым салынды. 

«Өздеріңіз білетіндей, 2023-2024 жылдардағы қыс айларында Қазақстан Республикасының аумағында орташа температура -8-ден -12 С-қа дейін байқалды. Кей жерлерде температура +4, +2 С дейін барып, жаңбыр жауды. Осыған сәйкес, яғни қыстың жылдағыдан ерекше жылы болуына байланысты биыл Ертіс өзенінің негізгі арнасы дұрыс қатпады. Сол себепті де қауіпті сейілту мақсатында, қаланың ішіндегі өзенге шомылуға қатаң тиым салынады. 2024 жылы «Крещение» рәсімінің өтетін орны  Бесқарағай ауданының аумағында орналасқан «Қасиетті бұлақ» мәдени орнында өтеді» - деді, Семей қаласының ТЖ басқармасы басшысының орынбасары Қымбат Көпбаев.

«Қасиеттi бұлақ» - Семей қаласынан 19 шақырым жерде орналасқан су бұлағы. Мереке кезінде ол жерде құтқарушылар, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін болады. 

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлері діни мерекеде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Ертіс жағалауында арнайы бақылау жұмыстарын жүргізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив