Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай облысында көрсетілетін мемлекеттік қызмет құны 2 есеге заңсыз көтерілген

17-01-2024, 10:09 018.kz

Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет құнын заңсыз көтеру фактісін анықтады.

Үржар аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің қызметкерлері жер учаскесінің шекарасын белгілеу жөніндегі қызмет құнына қате коэффиценттер қолданып, бекітілген бағалар прейскурантынан анағұрлым артық есептеген.

Мәселен, іс жүзіндегі құны 56 мың теңгені құрайтынына қарамастан, жоғарыда аталған қызмет үшін кәсіпкер 105 мың теңге төлеген.

Департамент араласқаннан кейін 4 кәсіпкерге артық есептелген сомалар қайтарылды.

Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив