Бөдене ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды
Бесқарағай ауданында 70 орындық заманауи үлгідегі ауылдық клуб ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұржан Агибаев, ауыл ақсақалдары мен ауыл жастары қатысты.
«Ауыл тұрғындарының жағдайын, өмір сүру сапасын жақсарту — негізгі басымдықтардың бірі. Соның айқын көрінісі бүгінгі күні ел игілігіне пайдалануға беріліп отырған әлеуметтік нысандар. Бүгін міне ауылдық клуб ашылып, ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлауда. Жалпы 2023 жылда ауданымыздың 7 елді-мекендерінде осындай мәдениет ошақтары ашылып, ауыл тұрғындарының рухани дамуына үлес қосуда», - деді Нұржан Агибаев.
Анықтама үшін: Бөдене ауылы, Бесқарағай ауданының сол жақ бөлігінде орналасқан. Жалпы халық саны 388 адамды құрайды. Ауылда 72 оқушыға саналы білім беретін мектеп өз жұмысын жасауда. 2023 жылы Бөдене ауылында су құбыры желісінің жұмысы аяқталып, ел игілігіне берілді.
Тағыда оқыңыз
АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ