Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму: облысқа 568,9 млрд теңге инвестиция тартылды

18-01-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында өткен жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпіні тіркелді. 2023 жылы мемлекеттік бюджетке 257,0 млрд теңге түсті, оның 145,0 млрд теңгесі республикалық бюджетке, 112,0 млрд теңгесі жергілікті бюджетке.

Тартылған инвестицияның жалпы көлемі 568,9 млрд теңге, нақты көлем индексі 132,7% құрады. Инвестициялардың негізгі бөлігі, атап айтқанда 364,2 млрд теңге немесе 64,0% кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаражаты есебінен болды. Оның 9,2% республикалық, 12,2% жергілікті бюджет есебінен.

Өнеркәсіп өнімі 1 571,3 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өнімінің индексі 105,1% құрады. Өңірдегі жалпы өнім көлемінің 62,4% тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу құрап, 980,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібі 34,6% болып, 543,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнеркәсібінің үлесі облыстың жалпы өнеркәсіп өнімінің 2,5% болды. Ал сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау үлесі тиісінше 0,5% немесе 7,6 млрд теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 535,2 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 103,5% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 19,1% өсіп, 228,1 миллиард теңгеге жетті. Жыл басынан бері 363,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2022 жылмен салыстырғанда 106,8% құрады.

2023 жылы субсидияланатын жұмыс орындарына 6388 адам жұмысқа орналастырылды, оның 2261-і жастар. 314 жұмыссыз қысқа мерзімді кәсіптік оқудан, 825 адам жастар тәжірибесінен өтті, халықтың әлеуметтік осал тобына жалпы сомасы 400 млн теңгені құрайтын 204 мемлекеттік грант бөлінді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив