Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Облысқа 295,9 млрд теңге инвестиция тартылды

25-09-2023, 15:23 Жұлдызай Кәкімова

Абай облысы 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық салада оң өсім көрсетті. Осы мерзім аралығында облысқа 295,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Инвестициялардың негізгі үлесі кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты есебінен болды. Оның 22,9 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 30,3 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.

Өнеркәсіп саласында:
Өңірде өнеркәсіп өндірісі айтарлықтай өскен, өсім 946,4 млрд теңгеге жетіп, даму индексі 107,6%-ға сәйкес келеді. Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу негізгі өндірістің 59,9% құрап, 567,0 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібі жалпы өнім көлемінің 36,9% құрап, 348,9 миллиард теңге өсім көрсетті. Электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптау өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өндірісінің 2,8%-ын ғана құрап отыр. Сумен жабдықтау, кәріз жүйелері және қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау өнеркәсібі жалпы көлемнің 0,5%-ын немесе 4,4 млрд теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында:
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 243,9 млрд теңгені құрады. Осы кезең аралығында 56,4 мың тонна мал мен құс, 416,7 мың тонна сүт сатылды. Мал саны 834,7 мың бас ірі қара, 1378,1 мың бас уақ мал, 367,5 мың бас жылқы, 1493,1 мың бас құсты құрады. Жалпы егіс көлемі 745,4 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 314,9 мың га, майлы дақылдар 290,4 мың га, картоп 8,0 мың га, көкөніс 3,9 мың га және бақша дақылдары 1,9 мың га болды.

Құрылыс саласында:
Құрылыс жұмыстарының көлемі 37,2% өсіп, 89,4 миллиард теңгеге жетті. 165,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспардың 128% құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласында:
Облыста 54,2 мың шағын және орта бизнес субъектілері бар. «Бизнестің жол картасы – 2025» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 3 млрд теңгеге 201 жобаға кепілдік берілді, 12,5 млрд теңгеге 265 жобаны субсидияланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив