Семейде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді
21.01.2024 жылғы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Ертіс өзенінің Семей қаласындағы су деңгейі 457 см.
«Бейбітшілік» аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы орган және ҚР ТЖМ 68303 ә/б бірлесіп 21 қаңтарға қараған түні келесідей инженерлік жұмыстар жүргізді: бөгет салу, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу. ТЖД күшімен өзен арнасына 5850 текше метр су қайта жіберілді.
Түнде Бейбітшілік аралынан 11 адам (7 ересек, 3 бала) эвакуацияланды, олар Семей қонақ үйіне орналастырылды. Үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдар жергілікті атқарушы орган тарапынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта эвакуацияланған отбасы үйлеріне қайтты.
Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын учаскелерді аралау (Бейбітшілік аралы, Бобровка саяжайы) және су деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Су деңгейін өлшеу әр 2 сағат сайын жүргізіледі.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі