Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Азаматтарды қабылдау орталығының осы аптадағы кестесі

22-01-2024, 10:27 018.kz

Абай облысы әкімі аппаратының Азаматтарды қабылдау орталығы (бұдан әрі - АҚО) Семей қаласы, Абай көшесі, 86-үй мекенжайында орналасқан.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63, 90 бабтарының талаптарына сәйкес жеке қабылдау қатаң түрде АҚО-ға жазылу бойынша және облыс әкімінің орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауын өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Байбеков Шалқар Заманбекұлы: 24.01.2024ж., 31.01.2024ж. экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, ветеринария мәселелері бойынша.

Абай облысы әкімінің орынбасары Гариков Димитрий Александрович: 25.01.2024ж. энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, бақылау (ГАСК, еңбек инспекциясы), құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша.

Абай облысы әкімінің орынбасары Мұсабаев Әділбек Нәжмадинұлы: 23.01.2024 ж., 30.01.2024 ж. мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мәселелері бойынша.

Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Сәрсебаев Жасұлан Бірлікұлы: 19.01.2024ж., 26.01.2024ж. қоғамдық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша.

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив