Абай облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қызылша – дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрынның бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын вирустық жіті жұқпалы ауру.
2023 жылдың басынан бері Абай облысы бойынша қызылшаның 308 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1 жасқа дейін – 25, 1 жастан 14 жасқа дейін – 145, 15-18 жас аралығында - 56, 19 жас және одан жоғары - 82 жағдай тіркелген.
Қаңтар айының 23 күн ішінде қызылшаның расталған 91 жағдайы тіркелді.
Қызылшаның басты клиникасы жіті респираторлық инфекция ретінде жүретінін ескере отырып, егер сізде немесе сіздің балаңызда қызылшаның белгілері байқалса, дереу дәрігерге барып, басқалардан оқшаулау шараларын қабылдау қажет. Қызылшадан қорғаудың ең сенімді әдісі - уақтылы вакцинация. Қазақстан Республикасында қызылшаға қарсы иммундау Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес ҚҚП (қызылша, қызамық, паротит) аралас вакцинасымен жүргізіледі. Алғашқы вакцинация балаларға 12-15 айда, екіншісі – алты жаста жасалады.
Қосымша иммундауға жататын Контингент:
- Қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар, 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар;
- қызылшаға қарсы профилактикалық иммундауы жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде 32 096 адам екпе алды, оның ішінде 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі - 3612 бала, 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі – 22 569 бала, 1984 медицина қызметкері және 18 жасқа дейінгі 3931 бала мен жасөспірім қайталама екпе алды.
Құрметті ата-аналар, естеріңізде болсын!
Вакцинация – балаларды және бүкіл халықты қызылшадан қорғаудың ең сенімді жолы. Қызылшаға қарсы екпені тұрақты жеріңіз бойынша тіркелген мекен-жайдан ала аласыз. Вакцинация ауру жағдайларының санын айтарлықтай төмендетеді.
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті