Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы әкімдігінде облыстағы жекелеген кәсіпорындардың қызметі қаралды

29-01-2024, 09:45 018.kz

Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті. Жиынға басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері, комиссия және кәсіпорын өкілдері қатысты.

Кездесу барысында облыстағы кәсіпорындардың қызметіне қатысты сұрақтар талқыланды. Яғни, Аягөз және Абай аудандарының әкімдігіне кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, «Alina Group», «Alina Holding» және «БАСТ (BAST)» кәсіпорындарында туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауға алу тапсырылды. Сонымен қатар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесіп, жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бағытында тиісті шаралар қабылданады. Ал, санитариялық эпидемиологиялық қадағалау департаменті өнеркәсіптік обьектілерде санитарлық қорғау аймағындағы талаптарды сақтау бойынша бақылауды күшейтеді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті өндірісте қауіпсіздік шараларын сақтау бөлігінде бақылауды күшейту бойынша жұмысты жалғастырады.

Сонымен қатар, салалық келісімнің тармақтарын іске асыру шеңберінде кейбір мемлекеттік органдардың жыл сайынғы еңбек демалысы бойынша сауықтыру жәрдемақысын төлеу жөніндегі міндеттемелеріне қатысты мәселе қаралды.

Нұсқауларға сәйкес тиісті хаттама дайындалады. Бұл жұмыс Абай облысы әкімдігінің қатаң бақылауында.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив