Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов азаматтарды қабылдады

3-02-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Облыстық мәслихат төрағасы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім, спорт саласына қатысты сұрақтармен қатар, тұрғын үй алу, медициналық көмек көрсету, жеке мәселелері бойынша жүгінді.

«Азаматтардың көтерген сұрақтарының негізінде ауқымды мәселе жатыр. Сондықтан, барлық сауалдардың анық-қанығын біліп алып, шешуге атсалысамыз», - деді Қуаныш Сүлейменов.

Қоғамдық қабылдау барысында түскен барлық сұрақтар назарға алынды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті органдарға өтініш хаттар жіберілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив