Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейдегі ең ірі «Ақшың» сауда үйі өртенді

6-02-2024, 09:00 018.kz

Ағымдағы жылдың 05-06 ақпанына қараған түні өртке қарсы қызметке Засядко 65 көшесінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

02 сағат 29 минутта өрт орнына келген өрт сөндірушілер эскалатор ауданындағы бірінші қабатта бутиктер жанып, 2 қабаттағы үй-жайларға таратылғанын анықтады.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 349 адамы, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі мен алдын ала алаңы анықталуда.

Абай облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады! 

Сақ болыңыз! Төтенше жағдай туындаған кезде «101» немесе «112» нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив