Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдері өңірлік кадрлық резервке іріктеу кезеңдері туралы мәлімдеді

14-02-2024, 09:21 018.kz

Басты мақсат – әр өңірде дарынды жастар арасынан жас, жаңаша ойлайтын көшбасшылар пулын қалыптастыру.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
3) жоғары білімі болуы;
4) үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады. Құжаттар abai@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Семей қаласы, Аймауытова көшесі, 143А, 2 қабат, 208 кабинет.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив