Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Танымал Мемлекеттік қызметтерді «Мобильді ХҚКО» қосымшасы арқылы алуға болады

15-02-2024, 15:50 018.kz

ХҚКО-да сұранысқа ие қызметтердің бірі электрондық цифрлық қолтаңба алу болып табылады. Тек ақпан айында Абай облысының 25 576 тұрғыны осы қызметке жүгінді. 

Электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға өтінішті растау үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Қосымша сервисінің арқасында халыққа қызмет көрсету орталығының операторымен бейнеқоңырау арқылы байланысуға және үйден шықпай-ақ ЭЦҚ-ға тапсырыс беруге болады.

Ол үшін Pki.gov.kz сайтында ЭЦҚ алуға өтінім беру қажет, содан кейін қосымшаға кіріп, «бейне қызметі» түймесін басыңыз, оператор қосылып, өтінімге қол қою үшін SMS-тен жеке куәлік пен кодты сұрайды.

Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚКО-ға баруды брондауға, электрондық кезек талонын алуға, қызығушылық танытқан ХҚКО-ның орналасқан жерін табуға және өзекті мәселелермен танысуға болады.   

Естеріңізге сала кетейік, қолданбаны Google Play және App Store дүкендерінен жүктеуге болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив