Мемлекет басшысының негізгі тапсырмалары талқыланды
Ақпан айының 7-і күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел экономикасын дамытудың алғышарттары мен өзекті деп танылған мәселелерге қатысты 10 нақты бағытты айқындап берді. Осыған орай, бүгін қалалық ардагерлер кеңесі ел Президенті атап өткен тапсырмаларды талқылады.
Шараға Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Бердікенов бастаған кеңес мүшелері қатысты.
- Өздеріңіз білетіндей, 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер пысықталды. Жыл басындағы жаңа өзгерістер мен саяси науқандар елдің экономикасына оң әсерін береді деген сенімдемін. Алдағы уақытта осы Мемлекет басшысының алдымызға қойған ауқымды міндеттерін жүзеге асыруда ынтымақтаса отырып, бірлесе жұмыс атқаратын боламыз. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен ой-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Мемлекет басшысы айтқан әрбір тапсырма халық арасында дұрыс талқылануы керек, - деп атап өтті Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.
Кездесу барысында Президент тапсырмаларының басым бағыттары талқыланып, ардагерлер өз ойларын ортаға салып, Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдайтындарын жеткізді.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыБаянды бастамалар жылы – Берік Уәлимен сұхбатМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ