Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Бесқарағай ауданының әкімдігі Семей орманымен меморандумға отырды

21-02-2023, 14:09 Думан Кенжеғазыұлы
Бүгін «Қазақстан Республикасы экология, табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ-нің басшысы Мусаканов Байжан Жаншуақұлымен, Бесқарағай ауданының әкімі Мұратов Талғат Батырұлы екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 
 
Меморандумның басты мақсаты – екі жақты қолдау көрсету арқылы кадр тапшылығы мәселесін шешу, бос орындар туралы ақпаратты беру арқылы аудан тұрғындарын «Семей орманы» резерваттарына жұмысқа ораналастыру, мемлекеттік бағдарламаларды аталған мекемеде жүзеге асыру. 
 
Тараптар ағымдағы ынтымақтастықты оң бағалап, осы бағыттағы сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін растады.
 
Сондай-ақ, орман алқаптарын сақтау бағытындағы жұмыстарды бірге атқару жұмыстарын өткізуге келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив