Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 5 қаржы пирамиданың заңсыз қызметін тоқтатты
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Орын Тұрлыбаев мәлімдеді.
Департамент қаржы пирамидаларының қызметін жоюмен қатар ,сауда және басқа да экономикалық секторлардағы заңсыз әрекеттерді қатаң бақылауда ұстап отырады.
Спикер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны қадағалау және өнімсіз делдалдарды анықтау бойынша жұмыстар басталғандығын атап өтті. Айран мен ұн сияқты өнімдерді сату кезінде бағаны көтеру фактілері анықталған. Қазіргі уақытта ЖШС-нің біріне ұнға арналған сауда үстемесінің (15%) мөлшерінен асып кеткені үшін ескерту жасалды. Басқа тауарлар бойынша да тексерістер жүргізілуде.
Қорытындылай келе экономикалық тергеу департаменті азаматтарды абай болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды. Егер сізге экономикалық құқық бұзушылық, сондай-ақ ұрлық фактілерін байқасаңыз департаменттің сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: 33-20-74 немесе «АФМ Insider» жеделхат-боты (QR-код арқылы да болады).
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі