Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Жарма ауданы Шуақ ауылындағы қазандыққа қатысты

21-02-2024, 09:21 018.kz

20.02.2024 ж. таңертең «Шуақ» жылу орталығындағы №1 қазандық тоқтады (себебі: экрандық құбырлардың жарылуы). Осыған байланысты № 2 резервтік қазандық іске қосылды.

Ауа райының температурасы (-30°С) ескеріле отырып, жылу желісіндегі судың температурсын біртіндеп жоғарылату қолға алынды. Сонымен қатар, тұтынушылар мен жылу құбырлары тексерілді.

Қазіргі уақытта қазандықтың жұмысын қадағалау мақсатында Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Серік Төленбергенов Шуақ ауылына арнайы барып, жағдайды бақылауда ұстауда. Қазандықтың жұмысы тоқтатылған жоқ.

Анықтама:

Жарма ауданы Шуақ ауылын орталықтандырылған жылумен жабдықтауды «Жарма Су» КМК қазандығы қамтамасыз етеді. Оның тұтынушылары 283 абонент: 8 көппәтерлі тұрғын үй, фельдшерлік-акушерлік пункт, балабақша, мектеп және ОВ-156/21 колониясы.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив