Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қажетті көмек көрсетуге қатысты жүйелі мәселелер қаралды

27-02-2024, 13:10 018.kz

Облыс әкімінің төрағалығымен «Абай облысының көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешу жөніндегі» қоғамдық жұмыс тобының және «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі» өңірлік комиссияның бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде аудандық көпбалалы отбасылармен жұмыс жасайтын комиссиялардың атқарған жұмыстары, сирек кездесетін дертке (орфанды) шалдыққан науқастарға әлеуметтік көмек көрсету, балалар үйі түлектерін әлеуметтендіру, көпбалалы отбасыларымен көтерілген мәселелер қарастырылды.

Сирек (орфанды) аурулармен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесіне көп көңіл бөлінді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖАО қаражаты есебінен 21 бала арнайы тамақпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда Целиакия дертіне шалдыққан 9 бала, муковисцидоз диагнозы қойылған 10 бала және 2 бала «Көбелек балалары». Аудандар көлемінде дәрілік препараттар мен тамақтануға жаңа қажеттілік қазіргі уақытта 8 балаға 21 млн теңгеден астам, Семей қаласы бойынша - 52 млн теңгеден астам сомаға 20 баланы құрайды. 2024 жылы 43 науқасқа қаражат бөлу жоспарланған.

Сонымен қатар, балалар үйінің түлектерінің мәселелері қарастырылды. 2024 жылы 36 тәрбиеленуші бітіреді (оның ішінде 9 - сынып – 29, 11 сынып - 7), олар одан әрі оқу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарын таңдап алған. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес түлектер барлық қажетті: жатақхана, тамақтану, киім-кешек, оқулықтар және медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Бүгінде облыс көлемінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде 2833 жетім бала және 0-ден 29 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Облыста 20 464 көпбалалы ана тұрады, оның 7409-ы «Алтын алқа», «Күміс алқа», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталды, «Батыр Ана» атағын алды. Ал 13 055-і 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отыр. Көпбалалы отбасылар үшін балалардың санына байланысты тиісті жәрдемақылар қарастырылған. Сонымен қатар, көпбалалы аналарға биыл 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне 15 000 теңге көлемінде төлемдер жоспарланған.

Отырыс барысында Нұрлан Ұранхаев басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар облыс әкімінің жеке бақылауында.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив