Shakarim University дәстүрлі "Шәкәрім оқулары - 2024" байқауын өткізді
Ғылыми ізденістерді жүргізу, конференцияларда, конкурстарда сөз сөйлеу, өз жетістіктерін көрсету – мұның бәрі оқушылардың дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жылдам тіл табысуға мүмкіндік беретін сөзсіз. Шарт бойынша конференцияның бірінші кезеңі мектептер мен колледждерде өтті. Қатысушылар екінші кезеңде 9 секцияға, яғни, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс және шетел филологиясы, гуманитарлық ғылымдар, физика-математика ғылымдары, информатика және ақпараттық технологиялар, педагогикалық, экономикалық, инженерлік ғылымдар бойынша өзіндік ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерімен таныстырды.
Айта кетерлігі, өткен жылдармен салыстырғанда колледж студенттері аталған байқауға белсене қатысуда. Конференция соңында жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Секцияларда өз баяндамаларын ұсынған барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.