Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
460.13 532.6 5.42

Алакөлде жанар-жағармай тапшылығы болмайды

4-03-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мақаншы ауданына қарасты Қабанбай ауылдық округінде жаңа заманауи жанар-жағармай стансасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жаңа ғимарат Алакөл демалыс аймағына жақын жерде орналасқан. 2 гектар аумақты алып жатқан нысан жазғы демалыс мауысымы кезінде туристтік көліктерге толық қызмет көрсететін болады.

Жанар-жағармай стансасын жергілікті инвестор отандық нарықтағы белгілі компаниямен серіктестік негізінде салып жатыр. Стансаның жалпы сыйымдылығы 150 куб және ол бір мезетте 6 көлікке дейін қызмет көрсете алады.

Нысанның құрылысымен арнайы келіп танысқан Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгельдин инвестордың осы маусымда ашылуы үшін барлық қолдау жасалатынын жеткізді. Себебі, бұл нысан жазғы демалыс маусымында Алакөлге келген демалушылардың автокөліктеріне жанар май тапшылығын болдырмауға септігін тигізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив