Нұртай Сабильянов Ақсуат ауданы халқымен кездесті
Абай облысының бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сабильянов Нұртай Салихұлы, үгіт-насихат жұмыстарын Ақсуат ауданындағы Көкжыра, Екпін, Ақсуат ауылдарында жалғастырды. Ауыл тұрғындарымен кездесіп, мектеп, балабақша, медицина мекемелерінің ұжымдарымен жүздесті.
Кандидат Ақсуат ауданындағы өзекті мәселелерді өте жақсы біледі. 2010 жылы Парламент депутаты бола жүріп, Жәнтікей және Көкжыра ауылындағы алапат тасқынның салдарын жоюға тікелей ат салысқан. Суға кеткен екі елді-мекенді толықтай қалпына келтіру үшін тиісті Министрліктен қаржы бөлуге ықпал еткен. Нұртай Салихұлымен болған кездесулерде халық шешімін таппай келе жатқан түйткілдерді ортаға салды. Кандидат өз кезегінде сайлауалды бағдарламасында ауылдарды дамытуға қатысты жоспарларымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.
Тапсырыс беруші: Н.С. Сабильянов
Абай облысының бірмандаттық №8 аумақтық сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұртай Сабильяновтың сайлау қорынан төленді.
Тағыда оқыңыз
АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІПартиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыСайлау 2023: Ақпараттық хабарламаАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІНұртай Сабильянов үгіт-насихат жұмыстарын Ұлылар елі - Абай ауданынан бастады