Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты концерт өтті
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс орталығында «Бәрінен де сен сұл» атты салтанатты іс-шара өтті.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев құттықтау сөзінде әйелдер – тіршіліктің тірегі, жер жаһанның жүрегі, шаңырақтың шырағы мен шарайнаның шырайы, өнер мен өмірдің мәні екен атап өтті.
Іс-шара барысыньа Абай театрының фойесінде аспаптық ұжым өнер көрсетті, ал қонақтарды «Жас Ұлан» әскери училищесінің оқушылары қарсы алды. Залда өңірлік өнерпаздардың туындылары қойылған көрме ұйымдастырылды. Концертті Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі және Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище студенттерінің хоры ашты. Концерт барысында «Жайдарман», «Падам падам», «Маскарад» және т. б. композициялары орындалды.
Сондай-ақ, 8 наурызда «Жаңаsound» мерекелік концерті жоспарланған. Облыс әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі белгілі қазақстандық және шетелдік фильмдердің ең жарқын және танымал туындылары мен саундтректерін орындайды.