Абай облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары
Қазіргі таңда Жарма ауданында қар тазалау жұмыстарына 16 арнайы техника және 40 адам жұмылдырылған. Мердігер мекемелер ауылдық округ аумағынан 24 900 шаршы метр қар шығарды. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен ауылдарда 40 арық, 148 су өткізгіш құбырлар мен 21 көпір бар.
Ауданның 19 округындағы су өткізгіш құбырларды, көктемгі еріген су жүру арналарын және барлық көпірлерді қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Бородулиха ауданында қар тазалауға 70 техника жұмылдырылды. Арнайы техника қатарында автогрейдерлер, аспалы шнекоротор, «Орал» базасындағы шнекоротор, тракторлар, тиегіштер, К-700 бар.
Бүгінде 35,5 мың текше метрден астам қар шығарылды. Аудандағы 16 көпір 100% қардан тазартылды. Су өткізгіш құбырларды тазарту жұмыстары жалғасуда.
Көктемгі қар суынан келетін қауіпті болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыстарды жүргізу қатаң бақылауда.