Абай облысында Мемлекет Басшысының атынан ауызашар берілді
Бүгін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Абай елінде ауызашар берілді.
Ауызашарға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан жиыны 350 адам қатысты. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, еңбек ардагерлері мен дін қызметкерлері, мешіт жамағаты мен жастар бар.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, шараның басты мақсаты халқымызды жақсылыққа, береке-бірлікке, қайырлы іс жасауға шақыру екендігін атап өтті.
«Баршаңызды он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын! Алланың рақымы мен шапағаты төгіліп, сауабы мен берекесі артқан бұл айдың халқымыз үшін орны ерекше! Елімізді береке-бірлік, кісілік пен кішілікке шақыратын бұл мереке, әлмисақтан қайырымдылықтың, ізгіліктің, жүрек жылуы мен адамгершіліктің берік негізі болып келеді. Дәстүр мен дін егіз ұғым! Ұлыстың ұлы күні «Наурызнамамен» бірге ауызашар асының қатар келуі – соның жарқын айғағы! Абай облысы – қысқа мерзім ішінде өзінің ел екендігін іспен дәлелдеді. Баршаңыздың адал еңбектеріңізбен жаңа облыс даму жолына түсті. Әр саланың бойына «қан жүгірді». Көптің тілеуі қабыл болды. Бұның өзі хакім Абайдың өсиетіне құлақ асып, ел Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімін ақтауға тырысқан жерлестеріміздің елге, жерге деген құрметі мен сүйіспеншілігінің жемісі. Бүгін, Президентіміз барша қазақстандықтар үшін, әр облыста, ауыз ашар дастарханын ұсынып отыр. Ондағы мақсат, бауырмал халқымызды жақсылыққа, татулық пен достыққа, қайырлы іс жасауға шақыру», - деді аймақ басшысы.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіАбай облысында Мемлекет Басшысының атынан ауызашар берілдіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекАбай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы