Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Сенатта бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері талқыланды

23-02-2023, 19:47 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге «Бюджетаралық қатынастарды жаңа тәсілдерді ескере отырып қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов өңіраралық диспропорциялар қазіргі кездегі маңызды және басты мәселелердің бірі болып табылатынын айта келіп, Мемлекет басшысы заңнамалық деңгейде бюджетаралық қатынастарды теңестіру үшін түбегейлі реформалауды тапсырғанын атап өтті.

«Бізге Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру туралы ауқымды міндет қойылып отыр. Бұл – ең алдымен, бюджетаралық қатынастарымыздың біздің халқымыз үшін кепілдік беретін мемлекеттік қызметтердің қажеттіліктеріне шын мәнінде жауап беруі және бүгінгі таңдағы өңірлерді дамытудағы диспропорцияларды барынша азайту болып табылады», - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин сенаторларға өңірлердің кіріс базасын кеңейту жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді. Осылайша, 2023 жылдан бастап жергілікті бюджеттерге салық түсімдерінің қосымша түрлері тапсырылды. Бұл – 2025 жылға қарай өңірлердің кірістерінің өсімін 47%-ға арттыруға мүмкіндік беретін болады.

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Юлия Энгель өз баяндамасында саланың негізгі мәселелері: жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен субвенцияларды пайдалануына мониторинг және бақылау тетігінің болмауы, бюджетаралық трансферттерді бөлу тетігінің ашықтығы және басқа да мәселелер туралы айтты. Ол осыған байланысты жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу функцияларын автоматтандыруды ұсынды. Бұл – бастапқы деректерді, көрсеткіштер мен коэффициенттерді пайдалануға әсер ететін «адам факторын» азайтуға мүмкіндік беретін болады.

Сонымен қатар, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі баяндама жасады.

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келіп, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөніндегі жұмыстың жалғасатыны туралы айтты. Сонымен қатар, кездесу барысында бірқатар ұсыныстар берілгенін және олардың кейін жаңа Бюджет кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыстар аясында әзірленетінін және көрініс табатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив